Өзбекстан ЕО-мен ынтымақтастықты күшейтпек

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Еурокомиссияның Өзбекстанмен кеңейтілген ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім жасау бойынша келіссөздерді бастау жайлы ұсынысына келісім берді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО Кеңесінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Жаңа құжат 1996 жылы қабылданған қолданыстағы келіссөздерді алмастыруы тиіс.

Болашақ келісім заң үстемдігі, сот төрелігі, қауіпсіздік, адам құқығы, көші-қон, сауда, сондай-ақ экономика және тұрақты даму салаларын қамтиды.

«Бұл келісім қолайлы іскерлік және инвестициялық ортаны дамытуға ықпал етіп, климатты өзгерту, жемқорлық және терроризммен күрес сияқты жаһандық проблемалар мен сыртқы саясат мәселелері бойынша бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етеді», - деп хабарлады ЕО Кеңесінің баспасөз қызметі.

Еуроодақта аталып өтілгендей, «Өзбекстан жаңа басшылығымен соңғы жылдарын адам құқығын жақсарты, Орталық Азиядағы көршілерімен ынтымақтастықты дамыту және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту салаларында ілгері жылжып келеді».

Айта кетейік, Ташкент Еуроодаққа былтыр шілдеде ЕО жаңа келісім жасау бойынша жұмыстарды бастауды ұсынған еді. Қазақстан - ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келесім жасаған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. 

Соңғы жаңалықтар