Өзбекстан елшісі Шығыс Қазақстан облысына келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өңір әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев пен Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Тараптар мәдени-экономикалық байланыстарды тереңдету мүмкіндіктерін талқылады.

Е. Аймұқашев Шығыс Қазақстанның түрлі салалардағы зор әлеуеті туралы айтып, облыс аумағында екі елдің 39 бірлескен кәсіпорны қызмет жүргізіп отырғанын жеткізді. Ол Қазақстан тарапы Өзбекстанмен арадағы ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтты.

Өз кезегінде, Өзбекстан елшісі Қазақстан уақыт сынынан өткен серіктес екенін тілге тиек етті.

null«Біз барлық салада Қазақстанның қолдауын сезінген кездер көп болған», - деді ол.

Саидикрам Ниязходжаев екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларды құрайтынын, 2020 жылға қарай Қазақстанмен тауар айналымы көлемін 5 млрд АҚШ долларына жеткізу міндеті тұрғанын айтты.

«Келісімге қол жеткізілген, резервтер де бар»,-дейді ол.

nullӨзбекстан елшісі Шығыс Қазақстанмен танысу үшін үш күндік сапарға шыққан. Ол «Үлбі металлургия зауытына», МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкі алаңына, «Қазмырыш», «Азия Авто» кәсіпорындарына, ғылыми зертханаларға, музейлерге, таудағы «Нұр Тау» демалыс базасына баруды жоспарлап отыр.

Ол «туризм - өнеркәсіптен тыс, біздің елдер өзара тиімді ынтымақтастық ете алатын тағы бір бағыт» екенін айтты.

Өзбекстан елшісі, сондай-ақ үстіміздегі жылдың күзінде Қазақстанда екі ел іскерлерінің өңіраралық форумы өтетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар