Өзбекстан COVID-19 статистикасына пневмонияны да енгізетін болды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 статистикасына пневмония жағдайларын да енгізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметі бойынша, өткен тәулікте республикада коронавирус жұқтырудың 496 жағдайы, пневмониямен ауырудың 172 жағдайы тіркелген.

Осы уақытқа дейін Өзекстан Денсаулық сақтау министрлігі статистикаға тек тестілеумен расталған коронавирус жағдайларын енгізіп келген болатын.

Ал инфекциялық стационарларда пневмониядан емделгендер COVID-19 статистикасынде ескерілмей келге.

Өзбекстандық мамандардың айтуынша, жаңа әдістеме қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды нақты бағалауға мүмкіндік бермек.

Өйткені ресми статистика ауруханалар мен инфекциялық стационарлардың жұмыс жүктемесі жоғары екенін көрсетіп отыр.

28 маусымнан бастап Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты карантиндік шаралар күшейтілген болатын.

Өзбекстан астанасы екі апталық карантинге жабылып, қалада қосымша 2 мың орындық резерві бар COVID- орталық ашылды.


Соңғы жаңалықтар