Өзбекстан азаматынан 9 ұрланған телефон табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «ЦУМ» сауда орталығында рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауда үйінің нүктелерінен 10 ұрланған телефон табылды.

Ұрланған телефондардың 9-ы телефон жөндеумен айналысатын шебер 29 жастағы Өзбекстан азаматы Саид Тұрсыновтың жұмыс орнынан табылған.

«Мобилді құралдардың көпшілігі оның жұмыс орнында шашылған күйінде сақталып келген. Тағы бір телефон 27 жастағы Әшір Джалиловтан табылды. Қазір екі күдікті де Алмалы ауданы ІІБ қамауда отыр. Жүргізілген талдау жұмыстарының арқасында біз ұялы телефон иелерінің кім екендігін анықтайтын боламыз. Қазір ұрланған затты сату бойынша ҚР ҚК бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деді  Алматы ІІД басқарма басшысы Есен Искаков.

Аталған тексеріске 20 жедел топ жұмылдырылды. 200 жуық нүкте, 985 мобильді құрал тексерілді. Олардың ішінде 10 телефон  ұрланған болып шықты.

Полиция кеше «Студент» және «Атакент мол» сауда орындарын тексерген болатын.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар