Өзбекстан азаматы Қазақстаннан есірткі алып өтпек болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан азаматы автокөлігінің артқы дөңгелегінің жоғарғы жағынан 7 күдікті түйнек зат анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті зат - «каннабис шайыры» есірткі заты болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде тексеру барысында 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына өтіп жатқан автокөліктерді тексеру кезінде қызметтік иттердің көмегімен Шевролет «Каптива» маркалы автокөлігінен күдікті 7 пакет табылған. Автокөлік жүргізушісі - 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы М.Б.

«Көлік кеден бекетінде орналасқан «RAPISCAN CO2» инспекциялық тексеру кешені арқылы сканерден өткізілді. Нәтижесінде автокөліктің артқы доңғалағының жоғары жағынан 7 дана күдікті пакет анықталған. Автокөліктің күдікті заттар орналасқан тұсы «белгіленіп», арнайы тұраққа қойылды. Күдікті пакеттен айрықша иісі бар қоңыр түсті зат анықталды. Айғақты заттар арнайы сараптамаға жіберілді» делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша 3522,146 грамм «каннабис шайыры» есірткі заты анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

null

Соңғы жаңалықтар