Өзбекстан азаматы Астанада есірткімен ұсталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар