Өзбекстан азаматы Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

34 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы мен 32 жастағы Алматы тұрғыны біріге отырып, Алматыдағы «ВАЗ», «Лада» маркалі көліктерді ұрлаумен айналысып келген.

Бүгінде полицияға көлігінен айрылған 8 адам шағымданып үлгерген. Тергеушілер аталған қылмыстарға өзбекстандық азамат пен Алматы тұрғынының қатысы барын анықтады.

4 машина Шымкент қаласында, ОҚО-дан, 1 көлік Алматы облысынан табылды. Және бір көлік Астанаға жеткізілгені анықталды.

Қазір 6 машина да заттық айғақ ретінде тәркіленді. Тергеушілер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Фото: vestipmr.info

Соңғы жаңалықтар