Өзбекстан азаматтары вакцина алмас бұрын медициналық тексерістен өтеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан азаматтары коронавирусқа қарсы вакцинациядан бұрын медициналық тексерістен өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Нұрмат Отабековтің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны алу медициналық тексеру нәтижелері бойынша қабылданады.

Отабеков сондай-ақ вакцина алғысы келетіндердің барлығы медициналық тексерістен өтетінін, бұл шара қандай да бір асқынуларды болдырмауға сеп болатынын атап өтті.

Екпе алғаннан кейін жарты сағат бойы науқас медициналық бақылауда болады. Дәрігерлер пациенттің жағдайын үш күн бойы бақылайды.

Кейін дәрігерлер оларды үйге келіп тексереді.

Сондай-ақ республиканың Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алмағандары дұрыс болатын адамдардың тізімін айтты.

Мысалы, COVID-19 вакцинациясын АИТВ инфекциясы бар адамдарға, аутоиммундық аурулармен ауыратындарға, ауыр аллергиялық реакциялары бар адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жасау ұсынылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда вакциналаудың басталуы наурыздың бірінші жартысына белгіленген.

Оны өткізуге Ташкенттегі және елдің барлық аймақтарындағы емдеу-профилактика мекемелерінде 3138 кабинет бөлінген.

Сонымен қатар халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауға 820 мобильді бригада тартылады.


Соңғы жаңалықтар