+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноздап, тонап келген

2018 жылғы 29 наурыз 14:47
Бөлісіңіз:
Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноздап, тонап келген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноз арқылы арбап, тонап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары өз елінде де осындай қылмыстары үшін істі болған.

«Бұлар зейнет жасындағыларды алдап келген. Қарт кісілерге ескі ақшаны жаңартып әкеп беремін деп алдаған. Сол кезде әккі қылмыскерлер қариялардың санасын гипноздап, ақшаларын қолды етіп отырған. Үлкен кісілер ақшаны өз қолдарымен қалай беріп қойғанын кейін әрең естеріне түсірді. Кей жағдайларда олар зейнеткерлерді банкке дейін ертіп апарған, ал олар есік алдында күтіп тұрған», - деді Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Тимур Өсекбаев.

Оның айтуынша, қазір 5 өзбекстандық ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың 3-еуінің дерекке қатысы бары анықталды. Қылмыскерлер қариялардың 3 млн теңгесін қолды еткен.

Полиция бұл адамдардың әрекетінен жапа шеккен азаматтар бар болса, 298-52-80; 298-52-83, 298-52-82 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

nullnull null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT