Өзбекстан азаматшасы мас күйінде бөтеннің көлігін айдап әкетіп, аударылған - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Toyota Camry» автокөлігінің рулінде болған Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматшасы 1 маусым күні «Алматы-Бішкек» тас жолының 43-шақырымында көлікті басқара алмай, аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек ҚР ҚК 345 бойынша «Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру» бойынша тіркелді.

«Апат салдарынан 31 жастағы ер адам мен 23 жастағы әйел адам дене жарақаттарын алып, ауруханаға түсті. Шетел азаматшасы 2017 жылдың 16 мамырында Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігіне сәйкес, көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін кінәлі деп танылған.

Оның Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз болуына байланысты бұл дерек Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 392 бабында көзделген қылмыстық теріс қылық ретінде (ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) тіркелді. Сонымен қатар, өзінің басқаруындағы жол-көлік оқиғасын жасаған көлікті ҚР азаматы - әпкесінен ұрлап, айдап әкеткен»,-деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Данияр Мендебаев.

Енді ол еліміздегі қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылады.


Соңғы жаңалықтар