Өзбекстан астанасы екі апталық карантинге жабылады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты екі апталық карантинге жабылады. Мұндай шешімді коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін Ташкентке көрші облыстардан автокөлік құралдарымен (автомобильдер мен автобустар) кіруге шектеу қойылады. 28 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша барлық ойын-сауық нысандары (мейрамханалар, түнгі клубтар, караоке, бильярд және компьютер залдары, қоғамдық тамақтану орындары-кафелер, асханалар мен шайханалар) кесте бойынша 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал осы мекемелерге келушілер саны жалпы көлемнің 50%-нан аспауы тиіс», - делінген Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда КВИ ауруының тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде коронавируспен ауыратын 476 науқас тіркелді.

Оның ішінде ең көп ауырғандар республика астанасында – 135 адам.

Ауруханаларда ковид расталған 3571 науқас бар.

Соңғы жаңалықтар