Өзбекстан әлемдегі ең қонақжай 25 елдің қатарына кірді

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Passport Index жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, Өзбекстан әлемнің ең қонақжай елдерінің топ-25 тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Рейтинг азаматтардың елге визасыз кіруін ескереді. Өзбекстан рейтингте 25-ші орын алып, Орталық Азияның ең қонақжай елі атанды.

Рейтингке сәйкес, әлемнің 139 елі Өзбекстанға визасыз келе алады немесе оны келген соң ала алады.

Орталық Азия елдерінің арасында Тәжікстан 49 орында (87 мемлекеттің азаматтары визасыз келе алады), Қырғызстан – 53 орында (80 ел), Қазақстан - 54-ші орында (77 ел).

Бұл тізімде 22 мемлекет көшбасшы, олардың басым бөлігі Африка құрлығында орналасқан (Нигерия, Эфиопия, Габон, Руанда, Джибути және т.б.). Мальдив, Камбоджа мен Комор аралдары да бірінші орында. 198 мемлекеттің азаматтары осы елдерге визасыз бара алады.

Рейтингі Түрікменстан, Ауғанстан мен Солтүстік Корея түйіндеп тұр – бұл елдерге визасыз кіруге рұқсат жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда жаңа жылдың бірінші айында шетелдік туристер ағыны 2,5 есе өскен.


Соңғы жаңалықтар