Өзбекәлі Жәнібеков Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған шарада Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен мұрасы жайлы тың деректер талқыланды.

Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты.

«XX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Ол «Шертер», «Адырна», «Алтынай», тағы да басқа фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. «Наурыз» мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты», - деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар, өзбекәлітанушылар қатысуда.

Айта кетсек, Кеңес үкіметі тұсында кесенеде жерленген хандар мен сұлтандар, билер және батырлардың құлпытастарын музей экспозициясына қойды. Аз уақыттың ішінде музей экспозициясын жасап шықты. Көне «Диуани хикметтердің» нұсқаларын музей қорына жинақтай бастады және сақталған құлпытастарды оқуды да қолға алды.

ХІV ғасырдың басты құндылығы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің опырылып құлау қаупі төнген бөліктері – Бас портал мен мешіт бөлмесі мығымдалды. Кең ауқымды жұмыстарының нәтижесінде кесене-мешіттің негізгі сегіз залында, сол сияқты ХV-ХVІ ғасырларда тұрғызылып, 1975 жылға дейін жұмыс істеген Шығыс моншасында, ХІХ ғасыр Жұма мешітінің экспозициясының негізін жасап, нәтижесінде жылына 450-500 мыңға жуық келушілер тамашалайтын деңгейге жеткізді.

Соңғы жаңалықтар