Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов: Сабақтастық - замана талабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жыл түрлі маңызды оқиғаларға толы. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII-сессиясы өтті, Өзбекстанда Қазақстан жылы салтанатпен ашылды, елімізде кезектен тыс Президент сайлауы тағайындалды. Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығының мүшелері барша қазақстандықтармен бірге осы іс-шараларды қолдап, барынша атсалысуда, - дейді Түркістан облысындағы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов.

«Биылғы сессияда сөйлеген сөзінде Елбасы Ассамблея жобаларының өміршеңдігі, реформалар жүргізудегі сабақтастық туралы айта келіп, ішкі арманын да жасыра алмады. «Егер Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен бүкіл көпұлтты қазақстандықтар мемлекеттік тілге бет бұрса, біз бұдан бір-бірімізге жақын бола түсіп, бір-бірімізді жақсырақ түсінетін боламыз... Мен, сірә, екі тілде бірдей сөйлеуге тура келетін сирек президенттердің бірі шығармын. Ал мен тек мемлекеттік тілде ғана сөйлейтін және бәрі мені түсінетін күнді армандаймын», - деді ол мемлекеттік тіл мәселесіне тоқталғанда».

Сондай-ақ Икрам Хашимжанов облыстық өзбек мәдени орталығы Түркістан облыстық ассамблеясы және облыстық білім, тілдерді дамыту басқармаларымен бірлесіп, ұдайы «Мемлекеттік тілді білу парызың», «Мемлекеттік тіл - достықтың дәнекері» атты байқау өткізетіндіктерін айтады. Байқау жеңімпаздарына жоғары оқу орындарында грантпен білім алуы үшін сертификаттар тапсырылады. Бұл сертификаттарды мемлекеттік тілдың жанашырлық танытатын ЖОО басшылары беруде.

«Ассамблеяның соңғы сессиясында елімізде өтетін маңызды саяси науқан - президент сайлауы туралы да өзара ой бөлістік», -дейді мәдени орталықтың төрағасы.

Соңғы жаңалықтар