Өзбек ғалымдары коронавирустың 32 геномын ашты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Республикасының геномика және биоинформатика орталығының ғалымдары SARS-CoV-2 вирусының 32 геномын түгелдей ашты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстанның Ғылым Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ғалымдар мұндай қорытындыға вирустың бастапқы белгілері расталған 62 адамның сынамасын тексеру арқылы келген. Ресми ақпаратта олардың бәрі Ташкент облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Biogen Med жеке клиникасының өкілдері екені айтылған. Сынама алынған 62 адамның 32-сі ДНҚ тізбегін заманауи секвенатордың көмегімен оқу арқылы талдаудан өткен.

«Ғалымдар бірқатар биоинформатика талдау арқылы Өзбекстанда таралған вирустың нұсқаларын осы уақытқа дейін оқылған коронавирус декер қорындағы геномдармен салыстырды. Нәтижесінде Өзбекстанда COVID-19-ның 18 нұсқасы анықталды. Осыған байланысты Өзбекстан өз аумағында коронавирус ДНҚ-сының барлық нұсқасы ашылған 50 елдің қатарына кірді», - деп жазады орталық мамандары.

Ғылыми орталық өкілдері анықталған ақпарат елде кездесетін COVID штамдарына қарсы ұлттық вакцинаны одан әрі дамыту үшін маңызды деп отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан коронавирус геномын зерттеуді былтыр мамыр айында қолға алған еді.


Авторы Мәдібек Жәнібеков

Соңғы жаңалықтар