Өзбек елшісі Елбасы мен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаров Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Қазақстан Республикасының Президенті аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға еліміздің осындай қайғылы кезінде жылы сөздері мен қолдау білдірген сөздері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сондай-ақ таңертеңнен бастап елшілікке келіп гүл шоқтарын қойып, бауырлас өзбек халқына көңіл айтқан Қазақстан тұрғындарына ерекше алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер», - деді Икром Назаров.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов бақилық болды. Қазір сол елде үш күндік қаралы күн жарияланған.

null null  

Соңғы жаңалықтар