Өзбек әншісі қазақ халқын қолдап, «Атамекен» әнін орындап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал өзбек әншісі Джон Руми Инстаграм парақшасында COVID-19 індетіне қарсы күресте қазақ халқына қолдау білдіріп, «Атамекен» әнін орындап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Қазақстан халқы! Біздің бәріміз қазір күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып, ал 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы ретінде аталып өткен болатын. Өкінішке қарай 2020 жылы біздің әлем үшін күрделі болып тұр. Өз елімнің қарапайым азаматы әрі Өзбекстан мәдениетінің өкілі ретінде Сіздерді моральдық тұрғыда қолдасам деймін», - деп жазды әнші Инстаграмда .

Сөз соңында әнші қазақтың «Атамекен» әнін орындап берді.


Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты 70 339 адам жұқтырған. Оның 43 029-ы емделіп шықты. Өкінішке қарай 375 адам көз жұмды.



Соңғы жаңалықтар