Өз зейнетақы жинағымнан бір тиын да алған жоқпын – Ерұлан Жамаубаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің зейнетақы жинағынан бір тиын да алмағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бір тиын да алған жоқпын. Өйткені, ол менің зейнетақым екенін жақсы түсінемін. Екіншіден, мен болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Мен бұл жинақтарды күнделікті қажеттіліктерге жұмсағым келмейді. Болашаққа қалдырғым келеді. Қазақстандықтар да осылай істейді деп сенемін», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Журналистер Ерұлан Жамаубаевтан егер ол қазір зейнетке шықса, онда оның зейнетақы сомасы қанша болатынын да сұрады.

«Бұл туралы ойлап көрмеппін. Естеріңізде болса, қазір 50 жастан бастап төлемдерге аннуитет рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бірден айтарым өте жақсы сома шығады», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар