Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Өз сәбиін жоғалтып алған арыстық әйел өзгенің баласын анасына апара жатыр

2019 жылғы 24 маусым 16:39 3602
Бөлісіңіз:
Өз сәбиін жоғалтып алған арыстық әйел өзгенің баласын анасына апара жатыр

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы жарылыс кезінде адасып қалған сәбиді бөтен әйел өз баларымен бірге құтқарып қалған. Үш жасар Ұлан есімді баланың жарылыс маңайынан табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіге тараған болатын. ҚазАқпарат тілшісі қараусыз қалған балаға қамқор болған Балқия Зауырбековамен сөйлесіп, оқиғаның қалай болғанын сұрап білді.

«Ұлан деген баланы ата-анасына тапсыруға апара жатырмыз. Баланың қарны тоқ. Тамақтандырып, су бердік.  Өзіміздің үш баламен бірге күйеуіміз екеуміз Қазығұртқа келе жатырмыз», - дейді Арыс қаласының тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, төтенше жағдай кезінде өзі де бір жасар баласынан көз жазып қалған.

«Өзіміздің де бір жасар баламыз адасып кеткен болатын. Соны Қазығұртта деп естідік. Бұл баланы ата-анасына апарып, өз баламызды да  тауып алайық деп кетіп барамыз», - деген арыстық ана 3 жасар Ұланды қалай жолықтырғанын айтып берді.

«Бұл бала жарылыс басталып, адамдар абыр-сабыр болып жатқан сәтте әскери бөлімнің маңайында адасып қалған.  Жуықта ғана полицияға кірген інім Әлихан тауып алып, жетектеп әкелген қалпы қолыма ұстатты. «Балаға ие бол, жоғалтпа, қолынан жіберме» деп қатты  тапсырды.  Өзімнің үш баламмен бірге мұны қолынан тас қылып ұстап бірнеше қыр астық. Южный жақта ең соңғы қырға жетіп бірақ тоқтадық.  Осы кезде жолдасым Шымкенттен жетіпті. Қазір алтауымыз Қазығұртқа кетіп барамыз. Өзінің айтуынша баланың жасы үште», - дейді Балқия Зауырбекова.

Арыс тұрғыны көршілес елді мекендердің апаттан босқан халыққа қолынан келгенше көмектесіп жатқанын айтады.

«Жолда адамдарға риза болдық. Арыстан Қазығұртқа барар жолдың бойында адамдар үйлерінен шығып, қолында бар азығымен бөлісіп жатыр. Бірі нан, бірі бәліш, бірі су ұсынуда. Жас жігіттер торсықпен су тасып жүгіріп жүр. Көліктің терезесін түсіріп, өздері бірінші болып  ұсынғандарын көргенде қатты риза болдым. Арыстан қашып шыққаннан кейін қыр басында 3-4 сағат сусынсыз қалғанбыз. Сол қиындықтың бәрін мұндағы адамдардың мейірімі ұмыттырып жібереді екен», - дейді Балқия Зауырбекова.

Бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды.Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады. 


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. 

ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты.  Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты.

Оқиға салдарынан зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілді. 

Түркістан облысының ауруханаларына 31 адам түсті. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT