Өз өмірінің сапасына көңілі толатын қазақстандықтар қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің 60% өмірлеріне көңілдері толады, деп хабарлайды kursiv.kz сайты.

Ауылдық жерлерде өмірлеріне риза азаматтары саны - 69,3%. Қалаларда тұрғындардың 54,4% тұрмысына көңілдері толады. Ерлер (61,8%) әйелдерге (58,5%) қарағанда өмірлеріне көбірек қанағаттанады. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сауалнамаға қатысушылардың арасында тұрмысына қанағаттанатындар саны айтарлықтай өскен (2018 жылы - 56,6%).

Тексеру нәтижесі бойынша респонденттердің 48,5% денсаулықтарына разы, 46,5% жартылай ғана көңілдері толады. Пікір сұралушылардың жасы неғұрлым ұлғайған сайын соғұрлым денсаулықтарына көңілдері толмайды. Зейнет жасындағы респонденттер арасында осындайлар саны 15-17 жастағы тұрғындарға қарағанда 2,8 есе аз.

Соңғы жаңалықтар