+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Өз мемлекетін өгей етіп көрсетуді көздейтін антагонистік көзқарастармен келісуге болмайды - Мемлекеттік хатшы

2020 жылғы 27 қараша 11:42
Бөлісіңіз:
Өз мемлекетін өгей етіп көрсетуді көздейтін антагонистік көзқарастармен келісуге болмайды - Мемлекеттік хатшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өз мемлекетін өгей етіп көрсетуді көздейтін антагонистік көзқарастармен тіптен де келісуге болмайды. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзі таңдаған қоғамда өмір сүре отырып, өз мемлекетін өгей етіп көрсетуді көздейтін антагонистік көзқарастармен тіптен келісуге болмайды. Сол себепті біздің басты ұстанымымыз азамат, азаматтық қоғам, мемлекет деген үштік ұғыммен үйлесіп жатуы тиіс. Біздің пайымдауымызша, аталған үштіктің әрқайсы - бір-бірімен бітіспес жау емес, керісінше бірліктің рухани нәрімен сусынданған біртұтас ағза. Яғни, мемлекет дегеніміз ел азаматтарының еркін ерік-жігерінің арқасында еңсе тіктеген конституциялық деңгедегі қоғамдық келісімнің мәуелі жемісі, мәртебелі биігі», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сондықтан да Мемлекеттік хатшы олардың өзара жауапкершілігі мен өзара байланысының тереңдеуі ел дамуының да берекеті болатындығын баса айтты.

«Дәлірек айтсақ, қазіргі таңда жауапты қызмет, азамат өзінің егемен еліне еңбек сіңіріп, отандастарының да заңды құқығы мен еркіндігінің және мүддесі жолында қызмет ететін жауапты азаматтық қоғамның ажырамас бөлшегі болып табылады. Сол себепті жоғарыда айтылған үштіктің - жауапты азамат, жауапты азаматтық қоғам, жауапты мемлекет деген жаңа формулаға ұласуы ел дамуында ерекше рөл атқармақ», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT