Өз қызын өлтірген қостанайлық сотта жауап берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында өлтірілген 9 сынып оқушысының әкесі сот алдында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс материалдарына сүйенсек, күдікті Сергей Клепиков 2016 жылы түрмеден уақытынан бұрын босап шығып, кәмелетке толмаған қызымен бірге Қостанай қаласындағы туған әпкесінің үйін паналайды.   2018 жылдың наурыз айында С. Клепиков пен қызының арасында жанжал туындаған. Ол қызына тыңдамағаны үшін кеуде тұсынан пышақпен бірнеше соққы жұмсайды. Күдіктінің сол уақытта мас болғаны анықталды. Жәбірленуші дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті ретінде танылған С.Клепиков бүгін ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы бойынша сот алдында жауап берді.

«Мен өз кінәмді толығымен мойындаймын. Қызыммен жақсы қарым-қатынаста болдым. Өз қылығым үшін өкінемін», - деді айыпталушы сот залында берген жауабында.

Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кеткен болатын. Сол күні оқушының әкесі дене жарақатымен облыстық ауруханаға түсті. Ол тәртіп сақшылардың бақылауына алынды. 20 наурыз күні күдіктінің анықталғаны мәлім етілді. 

Соңғы жаңалықтар