Өз көлігіне дәрет сындырған азамат 1,9 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзінің «Porsche Cayenne» маркалы көлігіне дәрет сындырып, басбұзарлық жасаған азамат 1,9 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Үкімді Алматы қалалық мамандандырылған арнайы әкімшілік сотының судьясы Нұржан Тахридинов шығарды.

Бұл жөнінде қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«Судья ҚР Әкімшілік кодексінің 468 бабының1 тармағы мен 469 бабы бойынша айыпты деп тауып, 1,9 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру туралы әкімшілік жаза тағайындады. Бірақ айыпталушының өзі сотқа келмеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ол 15 тәулік ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы», - деді Қ.Ешімет.

19 мамырда ғаламторды шарлап кеткен бейнеролик қоғамда қызу талқыланғаны рас.

Қымбат тұратын "Порше Кайен" көлігінің жүргізушісі 40 минуттай әрі-бері сенделіп, ақырында көшеде дәрет сындырады. Ол аздай рұқсат етілмеген жерден бұрылып, жол ережесін де бұзған. Бірақ полиция қызметкерлері оның ішімдік ішкенін дәлелдей алмады.

Аталған әрекеті үшін ол әкімшілік кодекстің 330-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен жауапқа тартылды. Жүргізуші әкімшілік сот шешімімен 5 тәулікке қамалды. Жол ережесін бұзғаны үшін 4 факті бойынша айыппұл төлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар