Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындардың қатары көбейді - Бақтияр Мәкен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қала тұрғындарының вакцинаға деген сенімі артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі бастапқыда жұртшылық вакцинацияға қауіппен қарады. Бірақ вакцина қабылдамау денсаулыққа қауіпті екендігі түсінгеннен кейін вакцинация анғандардың қатары толыға бастады.

Қазір халықтың алаңдаушылығы мен үрейі басылды. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындардың қатары көбейді», - деді ол әкімдікте өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

Бақтияр Мәкен қала тұрғындарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтауға шақыруды.

«Әлем ғалымдары мен отандық ғалымдар вакцинация қауіпті инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі екенін дәлелдеді. Бұл қалыпты өмірге тезірек оралуға көмектесетініне көзіміз жетіп отыр», - деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, сәуір айының басынан бері елордада 100 мыңнан астам адам вакцина алып үргерген.


Соңғы жаңалықтар