+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Өз басым жеңілдім деп ойламаймын - Сәкен Бибосынов

2021 жылғы 5 тамыз 21:42
Бөлісіңіз:
Өз басым жеңілдім деп ойламаймын - Сәкен Бибосынов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы, Токио Олимпиадасы ойындарының қола жүлде иегері Сәкен Бибосынов жекпе-жектен кейінгі өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Екі адамды қағып өлтірген 90 жастағы экс-шенеунікке тағайындалған түрме жазасы аяқталды Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты Жапония COVID-19-ға қарсы үшінші екпені енгізуді бастауы мүмкін

«Жекпе-жектің бірінші раундында нокаут болмады, екінші раундта мен бар күшімді салғандықтан, қарсыласымнан басым түстім деп ойлаймын. Өз басым жеңілдім деп ойламаймын, дегенмен төрешінің шешімі солай. Және бұл көрсеткішпен тоқтамаймын, алда жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыс істеп, одан әрі жарысқа қатысып, жеңіске жетемін», - деді С. Бибосынов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, боксшының жекпе-жегіне қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев те пікірін білдірді.

«Бүгінгі жартылай финалда мен Бибосынов жеңді деп білемін. Бірінші раундта соққыны жіберіп алғандықтан, төрешілердің бәрі бірдей ұпайды Сәкеннің қарсыласы болған ағылшын боксшысына берді. Ал екінші раундта 2:3 есебімен біздің спортшы басым түсті. Үшінші раундта төреші 3:2 ұпаймен жеңісті Бибосыновқа берді. Төрешілер әділ баға берді ме, жауапты солардың ар-ұятына қалдырдық, жеке менің ойым – Сәкен жеңді. Оның «алтын» алу мүмкіндігі бар еді», - деді С. Сәпиев.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер атанды.


Фото: olympic.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT