Өз баласын ұрып-соққан елордалыққа айыппұл салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен өзінің баласын ұрып-соққан әйел әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы органның мәліметінше, құқық бұзушылық жасаған әйел екі – бүлдіршіннің анасы. Сотта оның баланы тәрибелеу, білім беру және олардың құқығын қорғау сияқты ата-ана міндетін орындамағаны анықталды.

«2022 жылдың қыркүйегінде К. азаматтық некедегі күйеуімен арадағы кикілжің барысында өзінің қызын ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген. Сотта К. өзінің құқық бұзушылық жасағанын мойындады...

Оның кінәсі көршілерінің куәлік етуімен, полиция қызметкерінің мәліметтері және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен расталды», - делінген соттың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Белгілі болғандай, жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ескерілген. Атап айтқанда, кінәні толық мойындау, жасаған ісіне өкіну және ауыр зардаптардың болмауын ескере келе, сот шешімімен әйелге 21 441 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар