+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін – екі адамды өрттен құтқарған сержант

2021 жылғы 5 мамыр 14:54
Бөлісіңіз:
Өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін – екі адамды өрттен құтқарған сержант

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Мен өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін. Менің орнымда басқа біреу болса, ол да сондай қадамға барар еді. Бұл туралы БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесінің бақылаушысы, әділет сержанты Абылай Төлеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«ҚазГӨЗ» ЖШС: Өрт кезінде химиялық заттардың ағып кеткені туралы ақпарат жалған Ақмолалық сегіз кәсіпкер «Ashyq» жобасынан шығарылды Оралда «Рахмет» азық-түлік дүкені өртенді

Абылай Мерланұлы 1998 жылы Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылында дүниеге келген.

Мектепті 2016 жылы бітірген. 2018 жылы өз еркімен сұранып, Шымкент қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506-әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеп қайтқан.

2019 жылдан бері РУ-170/1 мекемесінде бақылаушы ретінде өз қызметін жауапкершілікпен атқарып келеді.

-Абылай, өткен қыста өрт кезінде екі адамды құтқарып қалдың, ол оқиға қалай болып еді?

-Иә, 21 қаңтар күні түнгі сағат 01.00 шамасында серуендеп жүр едім. Мұхит көшесіндегі үйдің 5-қабатынан өрт шыққанын көріп, бір жас жігіт келіп, көмектесуімді өтінді. Жүгіріп барып, бесінші қабатқа көтерілдім. Алдымен дәліздегі адамдардың бәрін сыртқа шығардым. Жанып жатқан пәтер есігін ашайын деп едім, ыстық екен, ұстатпады. Сосын 4-қабаттан терезе арқылы кіруге талпындым, бірақ өрттің қызуы соншалықты, жақындатпады. Болмаған соң, көршілердің көмегімен темір есікті сындырып аштым, үйдің іші көрінбейді, қою түтіннің исі де шыдатпайды. Үстіме екі шелек суды құйып жіберіп, пәтерге қабырғаны жағалап кіріп, екі адамды алып шықтым. Содан кейін өрт сөндірушілер де келді ғой. Өзім де газдан уланып, бес күн ауруханада жаттым.

-Осы батыл әрекетіңді ерлік деп есептейсің бе?

-Ерлік деуге келмес. Бұл кім-кімнің де қолынан келеді. Қалыпты жағдай деп ойлаймын. Егер көз алдыңда біреудің өмірі қыл үстінде тұрса, өзіңді ойлап тастап кетіп қала алмайсың.

-Өз отбасың туралы айта кетсең?

-Үйде алты баламыз. Ағам Сәкен осы Оралдағы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінде қызмет етеді. Одан кейінгі ағам Өркеннің өмірі қысқа болып, 2015 жылы қайтты. Әкем Мерлан да 1999 жылы 26 жасында дүниеден озды. Сол кезде мен бір жаста болсам, қарындасым Данагүл анам Әдемінің құрсағында қалған еді, қазір тұрмыста. Содан соң бес жасар Инабат Қайратқызы мен үш жасар Төрәлі деген кішкентай іні-қарындасым бар.

-Болашақтағы арман-мақсатың қандай?

-«Генерал болуды армандамаған солдат солдат емес» деген сөз бар, мен де сардар атанып, қызметтің ең биік шыңын бағындырғым келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тергеу изоляторы қызметкерінің екі адамды өрттен құтқарғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT