Ойын алаңында көз жұмған бала: Дәрігерлер түсініктеме берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының денсаулық сақтау басқармасы ойын алаңында көз жұмған балаға қатысты түсінік берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар жеткеннен бастап арнайы көмек бригадасы оқиға орнына 11 минут ішінде жеткен. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Қабылданған шараларға қарамастан 2012 жылы туған қыз баланың биологиялық өлімі тіркелді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасында.

Басқарма мәліметінше, бала ауыр созылмалы дертімен тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұрған.

Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандының сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында жазатайым оқиға орын алған. Әткеншектен құлаған 7 жасар бала көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар