Оян, адамзат! Жоғарытехнологиялы утопиялық болашақ келе жатыр - The Guardian

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Guardian басылымында «Оян, адамзат! Жоғарытехнологиялы утопиялық болашақ келе жатыр» атты мақала жарияланды. Онда мақала авторы техникалық прогресстің міндетті емес екенін айтады.

«Біз жүргізушісі жоқ көліктер мен толығымен автоматтандырылған «ақылды үйлер», жасанды иинтеллект заманына аяқ бастық. Біздің дәуірімізде технологиялық өзгерістер жылдам дамып жатқан жойқын күш ретінде сипатталады: не адамзат цунамиге қарсы тұруды үйренеді, не суға батып кетеді. Дегенмен, адамзаттың үнемі таңдауы бар. Десе де, кейде біз дұрыс шешім қабылдай бермейміз» деп жазады автор.

Оның пайымынша, технологияны адамзат жасап қана қоймай, оны қалай пайдалану керектігін де өзі шешеді.

«Мысалы, фейк суреттер мен жалған видео жасайтын жасанды интеллект өнімдерін ажырату мүмкін болмай бара жатыр. Бұл бара-бара бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімді азайтып, мүдделі топ өз дегендеріне жетуі мүмкін. Осылайша жасанды интеллект технологияларын жасаумен айналысатын зерттеушілер либералды демократияны «тұншықтыруға» күш салып жатыр. Мұндай жағдайға адамзат жол беруі керек пе?» деп жазылған мақалада.

Түйіндей келе, автор жоғары технология жетістіктерін көкке көтеріп мақтай беруді доғару керектігін алға тартады.

Соңғы жаңалықтар