Отыз үш мемлекеттің 300-ге жуық балуаны елордада өтетін Әлем біріншілігінде күш сынасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20-21 желтоқсан аралығында елордада қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйымдастырушыларың айтуынша, әлемдік додаға 33 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы (ерлер мен әйелдер) қатысады деп жоспарланған. «Даулет» спорт кешенінде өтетін байрақты бәсеке барысында ерлер 6 салмақ дәрежесінже, әйелдер 6 салмақ дәрежесінде күш сынасады.
Барлығы 12 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.
«Қазақ күресінен әлем чемпионаты Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) ұйымының 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген және жарыстар толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өткізілмек», делінген хабарламада.
Әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы жоғарыда аталған спорт кешенде 20 желтоқсан күні сағат 16.00-ге жоспарланған.
Ел жанкүйерлері Qazsport телеарнасы арқылы додалы жарыстың белдесулерін тамашалай алады.
Әлем чемпионаты аясында алыс-жақын шет елдердің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресі өтеді. Жиынның күн тәртібінде федерация алқа мүшелерінің сайлануы және басқа да мәселелер қарастырылмақ.
Халықаралық конгресс «Бейжің Палас» қонақ үйінің «Silk way» мәжіліс залында 19-желтоқсанда сағат 11.00-де басталады.
Жарысты ұйымдастырушылар – Біріккен күрес әлемі UWW, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы.
- Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті
- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді
-
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады
-
Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам