Отырарлық Нұрсұлтан 20 жасқа толды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Отырар ауданының жастары «Туған күніңмен, Астана!» мерекелік кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың мерейлі мерекесіне арналған еркін форматтағы басқосуда аудан басшысы Ерлан Айтаханов отырарлықтар мен жастарды айтулы мерекемен құттықтап, Астананың ауыз толтырып айтар мәртебесі мен ерекшелігіне тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз осыдан жиырма жыл бұрын мемлекет мүддесін таразылап тарихи шешім қабылдаған болатын. Астананың еліміздің орталығы Арқа төсіне көшуі саяси, мәдени - рухани, экономикалық тұрғыдан оң шешім болғаны бұл күндері дәлелденіп отыр. Азиада ойындары, ОБСЕ самиті, Еуразия форумы, ЭКСПО-2017 т.б. халықаралық шаралар әлем назарын біздің елге аударды. Баршаңызды Астанының 20 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, Елордамыздың абыройы асқақтай берсін!» - деп, ізгі ниетін білдірген Отырар ауданының әкімі 6 шілдеде дүниеге келген Астанамен құрдас, Елбасымен аттас - Нұрсұлтан Оралханды туған күнімен құттықтап, арнайы сыйлық табыс етті.
null

Жиын барысында ауданның бірқатар белсенді жастары алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шарада Астананың құрдастары Елордаға арнаған өлеңдерін оқып, ән айтып думан көркін қыздырды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар