+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Отырардағы Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйінде «Арыс, біз біргеміз!» акциясы өтті

2019 жылғы 3 шілде 08:40
Бөлісіңіз:
Отырардағы Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйінде «Арыс, біз біргеміз!» акциясы өтті

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйінде «Арыс, біз біргеміз!» акциясы өтіп, отырарлықтар қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхтар Шахановтың бастамасымен өткен акцияға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, өңір тұрғындарының қайырымды істен қалыс қалмай атсалысып жатқанын жеткізді.
null

«Күні кеше орын алған тілсіз жаудың салдарынан арыстық ағайындардың басына түсіп отырған сынақ отырарлықтардың да көңілін алаңдатып, жүректерін сыздатуда. Қайырымды халқымызға мың да бір рақмет! Елімізде қолға алынып отырған жан-жақты қайырымдылық істен отырарлықтар да тыс қалмауда. Өмірдің ащы-тұщы дәмін татып, ата-бабаларымыздың ізгі қасиеттерін бойына сіңірген аудан ақсақалдары Үндеу тастап, игі іске бүкіл аудан тұрғындарын шақырған болатын. Бүгін Үндеуге үн қосқан отырарлықтар «Арыс, біз біргеміз!» акциясына қатысып, бір күндік жалақыларын арнайы есеп-шотқа аударуда», - деді Ерлан Айтаханов.

Мұнан соң Мұхтар Шаханов сөз сөйлеп, тағдырдың сынында төзімділік танытқан арыстықтарға 500 мың теңге тапсырды.

«Бастарына қиын-қыстау күн туғанда бір-біріне бауырмалдық, қайырымдылық, ауызбіршіліктің озық үлгілерін көрсету халқымыздың қанында бар асыл қасиет. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей сын шағындағы арыстық ағайындарды сабырға шақыра отырып, қиындықтар мен ауыртпалықтардың бетін аулақ қылсын деген ізгі тілеймін», - деді Мұхтар Шаханов.
null

Арыстықтардың басына түскен қиындықтардың бәрін еңсеріп, қаланың гүлденетініне сенім білдірген отырарлықтар бір күндік акцияға өз үлестерін қосты. Акция барысында жиналған қаражаттар Арыс қаласын қайта қалпына келтіру қорына аударылатын болды.


null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT