Отырарда қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде өткен көрмеге 40-қа жуық қолөнер шеберлері мен қылқалам иелерінің 500-ден аса туындысы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара Астананың 20 жылдығына орай, сондай-ақ  18 мамыр Халықаралық музей күніне арналды. Көрменің ашылу салтанатында аудан Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

«Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабаларымыздың  ертеден қастерлеп бағалай білген дүниесі. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырған. Осы өнерді кәсіп еткен шеберлер Отырар өңірінде де аз болмаған. Олар  Тегіс ұста, Тегісұлы Арын, Сыздық Ұста, Сыздықұлы Надайымбек, Қалдаяқ ұста т.б.  Бүгінде олардың қолынан шыққан бұйымдары көне жәдігер болып мұражайда сақталса, есімдері тарих беттерінде жазулы. Сондай-ақ, Жаңабек Мамыт, Бақытбек Амангелдиев, Жанұзақ Ерімбетов т.б. отырарлықтар осы кісілердің бүгінгі жалғасы іспетті»- деді Ерлан Айтаханов.

Көрмеге қатысушылар өз туындыларын көпшілікке көрсетумен қатар сатылымға да шығара алады. Шараға қатысушылар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің өткен тарихынан сыр шертетін «Отырар Эрмитажы» атты көрмесімен де танысты.
null null null null null 

Соңғы жаңалықтар