Отырарда каналға ағып кете жаздаған екі жасөспірім құтқарылды

None
None
ШӘУІЛДІР. ҚазАқпарат - Түркістан облысында шомылып жүріп, суға кете жаздаған 14 және 11 жасар екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін Түркістан облысы Отырар ауданында 2006 және 2009 жылы туған екі бала үлкендердің қарауынсыз рұқсат етілмеген жерде шомылған. Балаларын таба алмаған ата-аналар Түркістан облысының құтқарушыларына қоңырау шалған.

Оқиға орнына ТЖД екі қызметкері шықты. Балалар каналдың ағысымен жүзіп, жағаға шыға алмаған. Азаматтық қорғау капитаны М. Кемелханов күндізгі 13:05 кезінде балаларды судан алып шықты. Құтқару кезінде балалардың аздап қорқып қалғаны білінді. Олар аман-есен ата-анасына тапсырылды.

«Әрбір адам шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені бетон плиталармен немесе таспен жабылған арналарда мүк өсіп, түбі тайғақ болады. Мұндай арнадан шығу қиын. Тіпті жаттығып жүрген жүзгіш те арнада шомылып, өміріне қауіп төндіреді. Суға түсер алдында су айдынын тексеру керек, шомылуға таңдалған орын құм жағасында және суға ыңғайлы түсуге мүмкіндік болу керек, суға түсу үшін таңдалған орында, тырбиған ағаштар, бөрене жоқтығына, түбі шұңқырсыз және кемерсіз біртіндеп еңіс бар екеніне көз жеткізу керек. Тамақ ішкеннен кейін бір-бір жарым сағаттан кейін шомылуға болады», - деп ескертеді құтқарушылар.

Төтенше жағдайлар департаменті ересектерге кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырып немесе оларды жалғыз шомылуға жіберуге болмайтынын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар