+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

«Отырар» музей қорығының визит орталығында әл-Фарабидің экспозициялық залы ашылады

2020 жылғы 5 маусым 15:34
Бөлісіңіз:
«Отырар» музей қорығының визит орталығында әл-Фарабидің экспозициялық залы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында ғалымның есімін ұлықтау жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында министрлік тарапынан «Ұстаздың қайта оралуы» деректі фильмі түсірілді. Еліміздің барлық музейлері мен кітапханаларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Отырар қалашығында солтүстік қақпаларды, қамал қабырғаларын, тұрғын кварталдарын, магистральды көшелерді, мешіттерді және қыш шеберханаларды қалпына келтіру басталды», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде.

Министр сонымен қатар үш тілде ғалымның 7 томдық еңбегі жарық көргенін жеткізді.

«Алматы қаласында халықаралық деңгейде «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтілуі басталды. Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби атындағы орталық» ашылды. Алдағы уақытта «Отырар» республикалық музей қорығының жаңа визит орталығында әл-Фарабидің экспозициялық залын ашу жоспарлануда», - деп түйді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT