Отырар ауданында «Оңтүстік достық мекені» жобасы аясында келелі жиын өтті

None
None
ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданында «Оңтүстік достық мекені» жобасы аясында келелі жиын өтті. Өзге ұлт өкілдері мен мектеп мұғалімдері, оқушылар мен БАҚ өкілдері қатысқан басқосуда өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен этнос аралық татулық кеңінен насихатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында өткен жиынды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің және аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Маңызы зор басқосуда Түркістан облысы «Қоғамдык келісім» ҚММ-нің іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев және «Про Ментор» ЖШС-нің директоры Асылбек Джамаловтар сөз сөйледі. Алдымен сөз алған Бақытжан Әшірбаев елдегі тұрақтылық пен бірліктің маңызы, өскелең ұрпақтың бойында отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мен дамытудың мәні айрықша екенін айтып өтті. Ал, Асылбек Джамалов жастардың бойында туған жердің тарихына деген қызығушылықты оятуда аса маңызды тәрбие құралдарының бірі екенін баса айтты. Еркін пікір алмасу форматында өткен шарада жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.
Соңғы жаңалықтар