Отырар ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ШӘУІЛДІР. ҚазАқпарат - Бүгін - Ораза айтының соңғы күні Түркістан облысы Отырар ауданында көпбалалы Мүсіреповтер отбасы баспаналы болды. Пәтерден пәтерге көшіп, тұрмыс қиындығын көріп жүрген отбасыға жеке кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков пен Темір жалпы орта мектебін 1994 жылы бітірген түлектер бес бөлмелі үйдің кілтін тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспанаға ие болып, қуанышқа кенелген жанұяның шаңырағына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып, туған жерін түлетуге атсалысқан және қайырымдылық жасаған азаматтарға алғысын білдірді. Аудан әкімдігі атынан көпбалалы отбасыға тоңазытқыш пен кір жуатын машина, үйге қажетті жиһаздар тарту етті.
null

«Қиын сәтте қол ұшын созып, көрсетілген көмек ешқашан ұмытылмайды. Асылдың көзі Бауыржан жыл сайын мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетіп келеді. Ауылдағы қайырымдылық шарасы мұнымен тоқтамайды. Тамыз айында темірліктер тағы да қуанышты сәттің куәсі болмақ. Темір мектебін 1999 жылы бітірген түлектер өздерінің көпбалалы сыныптасына 3 бөлмелі үй салып жатыр. Қазір құрылыс жұмысы қызу жүруде. Мұнан бөлек, биыл аудандық бюджет және демеушілер есебінен 40 көпбалалы отбасының үйі ағымдағы және күрделі жөндеуден өтеді», - деді Ерлан Айтаханов.

null null

Соңғы жаңалықтар