Отырар ауданында «Білімге бастар жол» қайырымдылық акциясы өтті

None
None
ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Отырар ауданында жалпы республикалық «Білімге бастар жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы өткізген шарада 30-ға жуық оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы оқу жылында ауданда 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 12032 оқушы алтын ұясында білім алады. 1400 оқушы 1-ші сыныпқа қабылданып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр.

Осыған орай аталған шараға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов арнайы қатысып, оқушыларды алда келе жатқан білім күнімен кұттықтады. Шара барысында оқушылар мен олардың ата-аналарына арнайы дастархан жайылып, аудан өнерпаздарының әсем әндері тарту етілді.

«Аға буынның қамқорлығы, өскелең ұрпақтың өзгелерге үлгі болуы бұрыннан өмір салтымызда бар үрдіс. Осы іні-қарындастарымызға қамқорлық пен жомарттық танытып жүрген ауданымыздың белсенді жастары мен кәсіпкерлеріне алғыс айтамын», – деді Әбдіғали Жүнісов.

Іс-шараны аудандық мәслихат депутаты А.Асан қорытындылап, келген оқушылар мен олардың ата-аналарына тәттілер ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар