Отырар аудандық емханасыда қатерлі ісікті айқындаудың жаңа жүйесі қолға алынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар аудандық орталық емханасында қатерлі ісік ауруын айқындаудың жаңа жүйесі қолға алынды.

Нәтижеінде аудан тұрғындары обыр ауруының белгілері бар-жоғын бір күнде біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шалғай ауданда орналасқан емдеу мекемесі қызметкерлерінің бұндай бастамаларын көруге «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» директоры Диляра Хайдарова мен бас дәрігері Нұрлан Балтабековтың және еліміздің барлық онкологиялық орталықтарының бас дәрігерлері келді.

«Халықаралық қатерлі ісікпен күрес күніне» орай онкүндік аясында іс-сапармен келген жұмысшы тобының өкілдері алдымен үйлестіру кеңесінде бас қосып, соңынан жергілікті деңгейде қатерлі ісік ауруымен күрестің қалай жүргізіліп жатқандығын тексерді.

Отырар аудандық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаевтың айтуынша, науқаста қатерлі ісік белгілері байқалған жағдайда ол бірден жасыл дәлізге өткізіледі. Ол адам шұғыл түрде бір күннің ішінде барлық қажетті тексеруден өтеді. Қолына жасыл білезік тағылып, кезексіз және барлығы да дәрігердің тікелей бастан аяқ бақылауымен жүргізіледі. Жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба бүгінде білікті дәрігерлер тарапынан қолдау тапқан. Себебі, ауруды асқындырмай дер кезінде анықтау өте маңызды. Өкінішке қарай, онкологиялық дертке шалдыққан азаматтардың 70 пайызы дәрігерге аурудың төменгі сатыларында көрінеді. Бүгінгі таңда ауданда 209 науқас дәл осы аурумен есепте тұрады.

Дәрігерлермен кездесу барысында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» бас дәрігері Нұрлан Балтабеков емхана мамандарының біліктілік деңгейлерін тексерді. Өзі дәрігерге келіп көрінуші ретінде отырып, барлық кабинеттердің қандай дәрежеде екендігін көріп шықты. Емхана мамандарына дәл емтихандағыдай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдады. Нәтижесі бойынша Отырар аудандық емханасы қызметкерлерінің білім деңгейі де жоғары бағаланды.

Айта кетейік, облыс бойынша 8 мыңнан астам адам қатерлі ісік аурымен тіркелген. Кең тараған түрлері бұл – сүт безі, өкпе, бауыр, асқазан обыры саналады. Онкологиялық науқастардың жас ерекшеліктері көбінесе 55 - 79 жас аралығында болып тұр.


Соңғы жаңалықтар