+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Өткізуге тыйым салынған тауарларға бақылау жүргізу күшейтіледі

2020 жылғы 4 маусым 10:23
Бөлісіңіз:
Өткізуге тыйым салынған тауарларға бақылау жүргізу күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Британия экономикасы соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды

Келісімге 2019 жылғы 6 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының төрағасы, Одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері және Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі қол қойды.

«Келісімнің ережелері ақпарат алмасудың негізгі кезеңдерін, тараптардың өзара іс-қимыл тетігін және мәліметтердің көлемі мен құрамына қойылатын талаптарды реттейді. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық және транзиттік декларациялары бойынша өзара деректермен алмасу көзделген. Ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен Қытайдың уәкілетті органының ұлттық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің барлық түрлері бойынша электрондық түрде жүзеге асырылатын болады», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Келісім күшіне енген күннен бастап 18 айдан кешіктірмей мәліметтің құрылымын, форматын, сондай-ақ ақпарат алмасудың техникалық шарттарын анықтайтын жекелеген Хаттамаларға қол қойылатын болады.

Аталған Хаттамалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасында жасалады және одан әрі ратификациялауды талап етпейді.

«Осы Келісім бойынша ақпарат алмасу кедендік операцияларды жүргізуді жеделдетуге, алынған мәліметтерді тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолдануға және кедендік бақылаудан жалтару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі тараптың кедендік аумақтарына ықтимал қауіпті, өткізуге тыйым салынған және шектелген тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді азайту көзделіп отыр. Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді», - деді Е. Жамаубаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT