Өткен жылыту маусымында ең көп ақау тіркелген облыстар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында жылыту маусымында ең көп ақауға жол берілген өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылу беру маусымында 121 технологиялық бұзушылық орын алды», - деп бастады министр өз баяндамасын.

Атап айтсақ, автономдық қазандықтарда - 4 (Ақмола, Жамбыл, Қарағанды облыстары,Шымкент қаласында - 1) ақау тіркелген. Ал жылумен жабдықтау жүйесінде – 34 ақау жойылған. Олардың ішінде Ақмола облысында – 3, Алматы облысында – 1, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 8, Павлодар облысында – 3 және Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында - 11, Шымкент қаласында -1 жағдай тіркеліпті.

Сумен жабдықтау жүйесінде – 83 ақау орын алған. Нақтырақ айтсақ, Ақмола облысында – 9, Алматы облысында – 2, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Батыс Қазақстан облысында – 9, Қарағанды облысында – 10, Павлодар облысында – 7, Түркістан облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 және Нұр-Сұлтан қаласында – 11, Алматы қаласында -14 жағдай болған.

«Жылыту маусымының барлық кезеңінде Алматыда – 25, Нұр-Сұлтанда – 13, Ақмола облысында – 13, Шығыс Қазақстанда – 15 және Қарағанды облысында – 19 ақау тіркелді. Олардың барлығы нормативтік мерзімде жойылып, жылумен және сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілд», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар