Өткен жылы жоғары сапалы бидайдың үлесі 80 %-ға дейін ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы жоғары сапалы бидайдың үлесі 80 %-ға дейін ұлғайды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, 2020 жылы көктемгі дала жұмыстары сала үшін бұрын-соңды болмаған, мүлдем жаңа жағдайда өтті.

«Министрлік үкіметтің қолдауымен фермерлердің кедергісіз жүріп-тұруын, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер, тұқым, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы жұмыс алгоритмін құрды. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша фермерлерге көмек ретінде 24,5 млрд теңгеге дәнді және майлы дақылдарды кепілді форвардтық сатып алу механизмі іске асырылды», - деді Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстары сапалы әрі оңтайлы уақытта жүргізілді. Сонымен қатар, егін жинау жұмыстары 2019 жылға қарағанда бір ай бұрын аяқталды. Нәтижесінде 20 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Жоғары сапалы бидайдың (1-3-сыныптар) үлесі 80 пайызға дейін ұлғайды. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 50 пайыз болған еді.


Соңғы жаңалықтар