Өткен жылы жоғалған малайзиялық Boeing-ті іздеу жұмыстары көп ұзамай тоқтатылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай, Австралия және Малайзия 2014 жылдың наурыз айында жоғалып кеткен Malaysia Airlines ұшағын іздеу жұмыстарын бірнеше аптадан кейін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлады Росбалт.

Австралия үкімет басшысының орынбасары Уоррен Трасс жоғалып кеткен Boeing-ті іздеу ұзаққа созылуы мүмкін емес екенін айтты. Ол үш елдің билік көздері іздеу іс-қимылдарының аяқталуы туралы келіссөздер жүргізіп отырғанын қосып өтті.

Трасс сондай-ақ көлемі бойынша бұл операцияны 1937 жылы жер жүзін ұшып өту сапары кезінде жоғалған аты аңызға айналған авиатор әйел Амелия Эрхартты іздеумен салыстыруға болатынын қосып өтті.

2014 жылдың наурызында Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып шыққан ұшақ алдын ала болжам бойынша Үнді теңізінің оңтүстік бөлігінде құлаған. Оның ішінде 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар