Өткен жылы зейнетақы активі 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы зейнетақы активтері 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы зейнетақы активтері 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ол бойынша кірістілік 10,9% мөлшерінде қамтамасыз етілді. 2020 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,3 трлн теңге болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 563 млрд теңгеге немесе 80,4 пайызға артық. Бұл ретте инвестициялық кіріс көлемі 1,1 трлн теңгені құраған зейнетақы жарналарының сомасынан асып түсті», - деді Е. Досаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қарай қалпына келіп жатқанын айтты.

«Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің қысқаруы 2,6% болды, бұл қабылданған дағдарысқа қарсы бұрын-соңды болмаған шаралардың арқасында жалпы әлемдік құлдыраудан (4,4%) айтарлықтай төмен. 2020 жылдың 2-ші тоқсанында рекорд құлдыраудан кейін іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қарай қалпына келуде. Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады», - деді Е. Досаев.


Соңғы жаңалықтар