Өткен жылы театрларда 300-ден астам жаңа туынды көрсетілген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік театрларда көрермен назарына 13 мыңнан астам қойылым ұсынылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы театр саласында да жетістіктер аз болған жоқ. Атап айтқанда, мемлекеттік театрларда көрермен назарына ұсынылған 13 мыңнан астам қойылымның, 339-ы жаңа туынды болып саналады», - деді Н. Дәуешов министрліктің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол көрермен көзайымына айналған жобаларды тоқталды.

«Мәселен, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының «Оян, қалыңдық», елімізде ең жас театры Түркістан облыстық театрының «Бөрте», Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының «Бала мерген», Ақмола облыстық орыс драма театрының «Көксерек», «Астана балет» театрының «Жібек жолы», Қарағанды облысының қазақ театрының «Текебұрқақ», Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрының «Алаш жолы» қойылымдары халықтың ықыласына бөленіп жатыр», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелді.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар