Өткен жылы прокурорлар заңсыз ұсталған 766 азаматты босатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура 2018 жылдың жұмысын қорытындылап, негізгі міндеттерді айқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі құзырлы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратурадағы кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қадағалау органының қызметі Мемлекет басшысының қылмыстық-құқықтық саланы ізгілендіру және жаңғырту, еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігінен бергі көрсеткішті есепке алғанда 2018 жылы алғаш рет қылмыстық процестің ең төменгі репрессивтік деңгейі тіркелген.

«Ұсталғандар мен қамауға алынғандар 4 есеге (тиісінше 43 мыңнан 10 мыңға және 38 мыңнан 9 мыңға), бас бостандығынан айыруға сотталғандар 5,5 есеге (40 мыңнан 7 мыңға) азайды. Жаңа реформалар криминогендік ахуалды нашарлатқан жоқ. Қылмысты төмендету үрдісі сақталып отыр. Қылмыстың ауыр және аса ауыр түрлері 19 пайызға (26 мыңнан 21 мыңға) азайды», - дейді Қайрат Қожамжаров.
null

Сонымен бірге, Бас прокурор құқық қорғау органдары жұмысының қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын бұзуға қатысты жекелеген кемшіліктеріне назар аударды.

«2018 жылы прокурорлар заңсыз ұсталған 766 азаматты босатты. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3,5 есе көп. Тергеу органдарының кемшілігінен 400-ге жуық қылмыскер жауапкершіліктен жалтарған. Тергеудің рұқсат етілмеген әдістері, кінәсіз адамды қасақана жауапқа тарту, азаптау және билікті асыра пайдалану фактілері бойынша 348 қылмыстық іс тергелді», - дейді ол.

Қылмыстық қудалау органдарының кемшіліктерін атап өткен Қайрат Қожамжаров прокурорлардан заңдылықты қамтамасыз етуді талап етті.

null

Соңғы жаңалықтар