Өткен жылы Павлодар облысында ет пен сүт өндірісі ұлғайды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Өткен жылы Павлодар облысында ет пен сүт өндірісі ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл қорытындысы агроөнеркәсіп кешенінің даму болашағы бар екенін көрсетті. Суармалы жердің көлемі 20 мың гектардан асып, ет пен сүт өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ, балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жоспарымызда бар.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 106,6%-ды құрады. Қосымша агроөнеркәсіптік кешенде импортты алмастыруды субсидиялау және ынталандыру тетіктері іске асырылды. Нәтижесінде 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 25 млрд теңге қаражат алды», - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында облыстың Тұрақтандыру қоры 2,5 млрд теңгеге толықтырылған. Баспасөз қызметінің мәліметіне сай, қазір қорда 5,4 мың тонна өнім жинақталған.


Соңғы жаңалықтар