+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Өткен жылы Павлодар облысында 33,2 мың адам жұмыспен қамтылды

2021 жылғы 1 қаңтар 07:31
Бөлісіңіз:
Өткен жылы Павлодар облысында 33,2 мың адам жұмыспен қамтылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы ағымдағы жылы атқарылған әлеуметтік жобалардың қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан шикізаттық емес тауарлар экспортын 29 млрд доларға ұлғайтпақ Атырауда 9 айда экономикалық қылмыстардың залалы 2,8 млрд теңгені құрады ҚР Президенті ЕАЭО елдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжатты қабылдауын ұсынды

«Ауыр кезеңде халықты жұмыспен қамту шаралары тоқтаған жоқ. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 33,2 мың адам жұмысқа орналасты. 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 227 жоба қолға алынып, 6,4 мың адам қызметке тұрды. Бағдарлама өңір бойынша 93,4%-ға аяқталды.

«Бизнес бастау» жобасы шеңберінде 1750 адам оқытылып, оларға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге несие берілді. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін 1971 грант бөлінді.

Дағдарысқа қарсы шаралар экономиканы тұрақтандыруға ғана емес, халықты әлеуметтік қолдауға да бағытталды. Мәселен, 294,8 мың адамға әлеуметтік көмек берілді. 5353 отбасыға (немесе 22454 адам) атаулы әлеуметтік көмек, 4008 балаға (1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға АӘК алушылар ішінен кепілдендірілген әлеуметтік пакет) азық-түлік және тұрмыстық заттар, төтенше жағдай кезінде 172 мың адамға 42500 теңге және мамыр-маусым айларында 57 мыңнан астам адамға (жеке шоты бар азаматтарға) коммуналдық қызметтерді өтеуге көмек берілді», - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, өңірде халықты тұрғын-үймен қамтамасыз ету бағытындағы жобалар да іске асқан. Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері облыста 31 көп қабатты тұрғын үй салу жұмыстары қолға алынған. Осылайша тұрғын үй құрылысы саласындағы өсім 1,4%, ал облыс бойынша жалпы құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші 13%-ды құрады. Нәтижесінде әлеуметтік қорғауға алынған 1045 адам жаңа пәтер кілтін алды. Бұл 2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 5 есе көп.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT