Өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 2,5 пайызға артты - Қаржы министрі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 23-і.  ҚазАқпарат. /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы Үкімет тарапынан экономиканы тұрақтандыру бағытында қолданылған жедел шаралар еліміздің даму үдерісінің бәсеңсуінің алдын алды.

Осының нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі 2,5 пайызға артты. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,3 пайызды құрады. Электр энергиясы мен газды және суды өндіру үлестіру деңгейі 6,4 пайыз болды. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, 2008 жылы Агроөнеркәсіп кешеніне жұмсалатын шығындардың қысқаруына байланысты елімізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, мемлекетке қажетті азық-түлік толығымен жеткізілді. Сонымен қатар бірінші кезекте қажетті азықтарды түрлері бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Ал мемлекеттік ресрустардағы астық қоры 1 млн. тонна көлемінде болды.

 «Біз өткен жылы инфляцияның шектен тыс шарықтауының алдын алдық. Оның деңгейі өткен жылы 9,5 пайызды құрады. Тауар айналымы 2007 жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға өсті. Бұл өткен жылдың басындағы энергия тасымалдаушыларға деген бағаның жоғары болуының нәтижесі», -  деді Қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар