Өткен жылы өндірістік жарақаттан 180 адам қаза тапты - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өндірістік жарақаттану 8,8 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 257 жазатайым оқиға болды, соның салдарынан 1 430 адам зардап шекті. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8,8 пайызғаға төмен (2018 жылы – 1 568 адам), оның ішінде 180 адам қаза тапқан, бұл 2018 жылға қарағанда 17,6 пайызға төмен (2018 жылы - 220 адам)», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 244 немесе 17,1 пайыз және құрылыс саласында – 176 немесе 12,3 пайыз құрады.

«Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан (зардап шеккендер 212 адам), Қарағанды (189 адам), Павлодар (117 адам), Қостанай (114 адам) облыстарында және Алматы қаласында (111 адам) сақталуда», - деп аталып өткен хабарламада.

Еңбекті қорғау саласында ең жиі жол берілетін бұзушылықтар: қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу – 14,9 пайыз (353); қызметкерлерге оқыту мен нұсқама жүргізбеу – 14,3 пайыз (340); жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен қамтамасыз етпеу – 10,1 пайыз (238).

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі мыналарға байланысты болды: қозғалатын, айналатын заттардың әсері (199 немесе 13,9%); зардап шегушінің биіктіктен құлауы (171 немесе 11,9%); заттардың, материалдардың құлауы (152 немесе 10,6%).



Соңғы жаңалықтар